Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Қауіпсіздік балалар көзімен: Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған сурет байқауы

10.06
Қауіпсіздік балалар көзімен: Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған сурет байқауы

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің Еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау қызметі қызметкерлердің балалары арасында ерекше сурет байқауын ұйымдастырды. Кішкентай дарындар «Болашақтың қорғаныс киімі қандай болады?» деген сұраққа өз жұмыстары арқылы жауап іздеп көрді. Балалардың қиялынан туған батыл әрі ашық бояулы суреттер қауіпсіздік тақырыбының тек маңызды емес, өте қызықты әрі әдемі болуы мүмкін екенін көрсетті.

Байқау соңында ешбір бала сыйлықсыз қалмады: қатысушылардың бәріне естелік сыйлықтар табысталды, ал екі жас тобы бойынша үздік шыққан жеңімпаздар арнайы жүлделерге ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Көркем қиялымен қауіпсіздік мәдениетіне өз үлесін қосқан әрбір бүлдіршінге алғысымыз шексіз!

Тізімге оралу