Игі істің жалғасы ретінде, 30 мамыр күні компания қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің бастамасымен өткен ауқымды сенбілікке белсене қатысты. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған бұл шара өңірдегі санитарлық тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған. Сенбілік аясында кәсіпорынның 50-ге жуық қызметкері «Солдатская старица» су қоймасының маңындағы су қорғау аймағын қоқыстан тазартып, ауқымды жұмыс атқарды.
Компания қоршаған ортаны қорғау жолындағы өз жауапкершілігін терең сезіне отырып, тұрақты даму (ESG) принциптерін берік ұстанады. Өткізілген іс-шаралар өмір сүру сапасын жақсартуға, қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруға және жергілікті халықпен тығыз байланыс орнатуға қосылған маңызды үлес болды.
«Урал Ойл энд Газ» ЖШС табиғатты қорғау ісіне бейжай қарамай, науқанға белсене атсалысқан барлық қатысушыларға шынайы алғысын білдіреді!