«Урал Ойл энд Газ» ЖШС-де Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі нормативтік құжаттарды және іскерлік этиканың халықаралық стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған комплаенс-функция енгізілген.
Комплаенс-функцияның мақсаттары
Компания қызметінде адалдық пен ашықтық мәдениетін қалыптастыру және қолдау
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының және өзге де теріс пайдаланудың алдын алу
Құқықтық және беделдік тәуекелдерді барынша азайту
Компания қызметінің заңнама талаптарына және үздік тәжірибелерге сәйкестігін қамтамасыз ету
Негізгі функциялары
Комплаенс саласындағы ішкі саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу
Комплаенс-тәуекелдерді бағалау жүргізу
Заңнама нормалары мен ішкі талаптардың сақталуын мониторингтеу
Қызметкерлерге іскерлік этика және комплаенс мәселелері бойынша консультация беру
Қызметкерлерді оқытуды және олардың хабардарлығын арттыруды ұйымдастыру
Ішкі тексерулер мен тергеп-тексерулер жүргізу
Комплаенс қызметінің міндеттері
Бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу
Ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру
Корпоративтік этика деңгейін арттыру
Компания мен оның қызметкерлерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету
Адал бизнес жүргізу тетіктерін дамыту
Хабарлау арналары (бастамашылық өтініштер)
Компания ашықтық пен адал мінез-құлықты қолдайды. Әрбір қызметкер, серіктес немесе өзге де мүдделі тұлға ықтимал бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық фактілері немесе этикаға сай емес мінез-құлық туралы хабарлай алады.
Сіз өтінішті келесі арналар арқылы жолдай аласыз:
Электрондық пошта: compliance@uog.kz
Өтініштерге арналған телефон: +7 (777) 771 1979 (WhatsApp, Telegram, Signal)
Компания сайтындағы онлайн-нысан
Компанияның заңды мекенжайына пошта арқылы жолданатын өтініш
Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Жедел желісіне» 8 800 080 47 47 телефоны арқылы немесе https://www.kmg.kz сайты арқылы жүгінуге болады.
Барлық өтініштер құпия түрде қаралады. Компания бұзушылықтар туралы адал хабарлағаны үшін қудалауға жол берілмейтініне кепілдік береді.