Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Управление водными ресурсами

Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару саласындағы ұлттық заңнамасына, стандарттар мен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізеді.

2022 жылы серіктестікте "Cу ресурстарын басқару бойынша" құжатталған процедура әзірленді және енгізілді .

Процедура су ресурстарын басқаруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді, су ресурстарын басқару жөніндегі қағидаттарды айқындайды және серіктестіктің су ресурстарын алу мен тұтынумен, орын ауыстырумен, олардың сапасының өзгеруімен байланысты, қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған қызметін реттейді.

Процедураның негізгі міндеттері:

- серіктестікте міндетті пайдалануға арналған су ресурстарын басқарудың негізгі принциптерін анықтау;

- су ресурстарын басқаруды үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету;

- компанияның әртүрлі қажеттіліктері үшін (ауыз су, өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық және басқа да қажеттіліктер) әр түрлі бөлімшелердің  суды пайдалануды жүйелі емес басқаруының қалыптасқан тәжірибесіне қарсы су ресурстарын басқарудың бірыңғай процесін қамтамасыз ету;

- серіктестіктегі су ресурстарын басқару процесіне мүдделі тараптардың тартылуын қамтамасыз ету.

Серіктестік басқармасы су ресурстарын ұтымды басқару ұстанымының жеке мәлімдемесіне - 8 "Су қағидаттарына" қол қойды.


Су тұтыну және су тарту

2021 жылы "Урал Ойл энд Газ" ЖШС су тұтынудың жалпы көлемі 4,556 мың м3 құрады. Су алу жер асты көздерінен - №2742, 2905, 20276, 20277, 28161, 11316, 11317, 11318, 11319 су тарту ұңғымаларынан 25.02.2021 ж. №KZ62VTE00048934 арнайы су пайдалануға алынған рұқсат негізінде жүзеге асырылды.

Аталған су көлемі Рожковское кен орнындағы 5 ұңғыманы қайта іске қосу және сынау жұмыстарын жүргізу кезеңінде өндірістік (бұрғылау ерітінділерін дайындау) және осы жұмыстарды жүргізген серіктестік пен мердігер компания персоналының шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдаланылды. Суды тұтыну рұқсатпен белгіленген лимит шегінде жүзеге асырылды.

Бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін пайдаланылған суды мердігер компания жұмыс жүргізу аумағынан пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі ретінде әкетті, ол қауіпті қалдықтардың бір түрі ретінде жіктеледі.

Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды судың көлемін есепке алуды және пайда болған сарқынды суларды шығаруды мердігерлік компания шарттық міндеттемелер негізінде жүзеге асырды.

Ағымдағы жылы өндірістік жұмыстардың болмауына байланысты Серіктестік жер асты көздерінен су алуды жүзеге асырған жоқ.