Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Асхат Хасеновтың жұмыс сапары.

27.09
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Асхат Хасеновтың жұмыс сапары.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында MOL Group акционерлерінің атынан атқарушы вице-президенті Жомбор Мартон және FIOC акционерлерінің атынан СИНОПЕК вице-президенті Чжао Гуанминмен кездесу өткізді. Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес кәсіпорны, 2023 жылдың соңында «Рожковское» газ конденсаты кен орнында өнеркәсіптік газ өндіруді бастаған «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) қызметі талқыланды. Кәсіпорын акционерлері УОГ кен орны операторының 2024 жылдың сегіз айындағы қызметі туралы есебін тыңдады.
Сонымен қатар, А. Хасенов газ өндіру қуаттылығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатырған УОГ өндірістік нысандарына барды.
Қазіргі таңда өндірілген газдың тәуліктік көлемі 1,37 миллион текше метрді құрап отыр. Жыл соңына дейін тәуліктік газ өндіру көлемін 1,5 миллион текше метрге жеткізу жоспарланған, бұл жылына 500 миллион текше метрден астам газ өндіруге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 115 мың тонна конденсат өндірілді. УОГ өндіретін газ көлемінен ай сайын 6 мың тоннадан астам сұйытылған көмірсутек газын өндіреді, бұл Батыс Қазақстан облысының сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, артық газды елдің басқа аймақтарына жеткізуге мүмкіндік береді.
УОГ кен орнын игерудің екінші кезеңін жедел жүзеге асыру бойынша барлық шараларды қабылдап жатыр.
«ҚазМұнайГаз» аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қомақты үлес қосуда. Бұл жолы компания Құрманғазы ауылындағы мектепті көлікпен қамтамасыз етті. Жаңа автобус оқушыларды мектепке, олимпиадаларға және басқа да мектептен тыс іс-шараларға жайлылықпен жеткізетін болады, бұл тартуға ата-аналар да өз ризашылығын білдіруде.
Құрманғазы мектебінде барлығы 41 оқушы оқиды, олардың 11-і көршілес Аманат ауылынан келіп оқиды.

Тізімге оралу