Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы «Рожковское» кен орнында болып, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді

19.06
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы «Рожковское» кен орнында болып, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді

2025 жылғы 19 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-ның «Рожковское» газ-конденсат кен орнына барды.

Сапар барысында Басқарма Төрағасына кен орнының өндірістік объектілері таныстырылып, компанияның биылғы жылдың алғашқы бес айындағы негізгі көрсеткіштері ұсынылды. УОГ басшылығы өндіріс көлемі мен жобаның қазіргі мәртебесі туралы баяндады.

Қазіргі уақытта кен орнында тұрақты өндіру көлемі қамтамасыз етілуде: жыл басынан бері 191 миллион текше метр газ және 143 мың тонна конденсат өндірілді. Өндірістік қызмет аясында УОГ ай сайын 6 мың тоннадан астам сұйытылған көмірсутек газын (СКГ) шығарады. Бұл Батыс Қазақстан облысының қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің басқа өңірлеріне тасымалдауға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында кен орнын игеру жобасының 2-фазасын жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. 2026 жылдың соңына дейін үш қосымша ұңғыма іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл газ өндірісін тәулігіне 2 миллион текше метрге дейін, ал жылына 700 миллион текше метрден астам көлемге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС өндірістік міндеттерді жүйелі түрде орындауды жалғастырып, ресурстарды сенімді өндіруді қамтамасыз етеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсетеді және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ стратегиясында белгіленген басымдықтарды ұстанады.

Тізімге оралу