Биыл Қазақстан мұнайының 125 жылдығы атап өтілуде. Мұнай саласы еліміздің экономикалық дамуы мен өнеркәсіптік өрлеуінде басты рөл атқарды, сондықтан осы атаулы күн Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде ел есінде қалмақ.
Мереке аясында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС Бас директоры – Басқарма Төрағасы Имандосов Аман Ғалымжанұлы және Бас директордың бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі, Тянь Юаньшен, Серіктестіктің мұнайшы ардагерлерімен кездесіп, кездесу барысында мұнай газ саласының қалыптасу тарихы мен даму жолдары туралы естеліктер айтылды. Мұнайшы ардагерлердің Серіктестіктің дамуына қосқан үлестері ерекше атап өтіліп, мұнай өндірісіндегі қажырлы еңбектеріне алғыс білдірілді.
Сонымен қатар «Урал Ойл энд Газ» ЖШС қызметкерлері Қарабаев Қайрат Амангелдіұлы, Истаева Хаирла Аптаққызы, Беркінбаева Шолпан Мұратқызы және Баймұхамбетов Аслан Алпамысұлы Ақтөбе қаласында өткен салтанатты шараға қатысып, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің атынан табысталған мерейтойлық төсбелгілер мен алғыс хаттарға ие болды.
Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС өз қызметкерлеріне арнап тимбилдинг форматында Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлерінің күнін атап өтті. Бұл шаралар ұжымдағы ынтымақтастықты нығайтып, қызметкерлердің бір-біріне деген сыйластығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталған бас қосу барысында Серітестік басшылығы қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге Серіктестік Акционерлер «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, MOL және FIOC атынан төсбелгілер мен мақтау грамоталарын табыстады. Мерекелік шара тимбилдинг ойындарына ұласып, қызықты спорттық эстафеталар, логикалық тапсырмалар және әр түрлі шығармашылық байқаулар өткізілді. Әрбір қызметкер аталған шаралардан үлкен шабыт алып, алдағы уақытта Серіктестіктің табысты жұмыс жасауына үлес қосуына дайын екендерін көрсетті.