Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні шеңберіндегі іс-шаралар

28.04
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні шеңберіндегі іс-шаралар

               "Қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы — еңбек саласындағы негізгі қағидат және құқық" ұранымен "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-де Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар өтті.

             Дәстүр бойынша іс-шаралар қауіпсіздік минутынан басталды.

       ҚТ, ЕжҚОҚ қызметінің басшысы Али Зайнуллин қызметкерлерге "Көшбасшылық және міндеттеме кодексі" тақырыбында тренинг өткізді. Компанияда еңбек қауіпсіздігінің жоғары мәдениетін құрудың маңыздылығын атап өтті, мұнда ең бастысы басқарудың әртүрлі деңгейлері басшыларының міндеттемесі мен көшбасшылығы, сондай-ақ әрбір қызметкердің қауіпсіздік мәселелеріне саналы және адал көзқарасы болып табылады. Ол сондай-ақ қызметкерлерді ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша компанияда жаңадан енгізілген рәсімдермен таныстырды.

Соңында ҚТ, ЕжҚОҚ қызметінің мамандары қызметкерлер қатарынан анықталған командалар арасында "Еңбек қауіпсіздігі-ең алдымен!" атты викторина өткізді. Викторина қорытындысы бойынша барлық қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

WhatsApp Image 2023-05-05 at 18.35.47.jpeg

WhatsApp Image 2023-05-05 at 18.36.14 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-05-05 at 18.37.10.jpeg

WhatsApp Image 2023-05-05 at 18.37.39.jpeg

Тізімге оралу