Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Лю Гуантао «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды

13.10
Лю Гуантао «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды

2025 жылғы 13 қазаннан бастап «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметіне Лю Гуантао тағайындалды.

Лю Гуантао мұнай-газ саласында 17 жылдан астам кәсіби тәжірибеге ие. Ол бұған дейін Sinopec, Sagiz Petroleum Company, КаракудукМунай және Батыс-Мунай компанияларында коммерциялық қызмет, әкімшілік басқару, кен орындарын игеру және өндірістік процестер бағыттарын қадағалаған басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Ол Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Шығыс мұнай университетін «Инженерлік геология» мамандығы бойынша тәмамдаған, кейін Пекин қаласындағы Қытай мұнай университетінде «Геохимия» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ Ресейдің Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде «Пайдалы қазбаларды іздеу және барлау» мамандығы бойынша білім алған және Қазақстандағы Нархоз университетінде Doctor of Business Administration (DBA) дәрежесіне ие.

Лю Гуантаоның мұнай-газ геологиясы, коммерция және стратегиялық басқару салаларындағы терең білімін біріктірген мол басқарушылық және халықаралық тәжірибесі «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің басқару командасын нығайтып, компанияның әрі қарай дамуына ықпал ететін болады.

Тізімге оралу