MOL Group акционерлер өкілдерінің «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-не жұмыс сапары
29.08
2024 жылғы 29, 30 тамыз аралығында MOL Group акционерлер өкілдерінің «Рожковское» кен орнына жұмыс сапары болып өтті. Сапар барысында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС компаниясының басшылығымен кездесу ұйымдастырылып, сондай-ақ 10, 12, 21 ұңғымалардың өндірістік алаңдарын, Жинақтау және Беру станцияларын аралады. Сонымен қатар MOL Group өкілдеріне еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша презентация ұйымдастырылды.
Осындай жұмыс сапарлары екіжақты сенімнің нығаюына және айқын әрі тиімді қарым-қатынастардың қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.