Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Қоғамдық тыңдаулар

31.03
Қоғамдық тыңдаулар

2023 жылдың 30 және 31 наурызында Бәйтерек ауданының 4 ауылдық округінде-Январцев, Құрманғазы, Чиров, Сұлукөл ауылдық округтерінде 2023 жылға әсер етуге экологиялық рұқсат алуға "Урал Ойл энд Газ" ЖШС құжаттар пакеті бойынша ашық жиналыс арқылы қоғамдық тыңдаулар өтті. ҚР Экологиялық кодексінің 87, 122-баптарының негізінде қоғамдық тыңдауларға 2023 жылға арналған ҚОҚ бөлімімен "Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында орналасқан "Рожковское" кен орнын жайластыру объектілерін салу кезінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру" жобасы, "Урал Ойл энд Газ" ЖШС үшін рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы ұсынылды.

Тыңдаулар бас мердігер "Нефтестройсервис" ЖШС, қосалқы мердігерлік жобалау ұйымы "Каспиймұнайгаз" ҰИЖИ АҚ және ауылдық округ әкімдіктерімен ұйымдастырылды. Тыңдауға әкімдіктердің, мектептердің, шаруа қожалықтарының өкілдері, жергілікті кәсіпорындар, елді мекендердің тұрғындары қатысты.

Басында "Рожковское кен орнын жайластыру объектілерін салу кезінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру" тақырыбында баяндама тыңдалды. Баяндама нәтижелері бойынша табиғатты қорғау іс-шаралары сақталған кезде жобаланған жұмыстардың салдары ең аз, қысқа мерзімді болады деген қорытындыға келді. Баяндаманы тыңдағаннан кейін жұртшылық өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, жоспарланған жұмыстарды іске асыру бойынша ұсыныстар мен ескертулер берді. Барлық сұрақтарға Компания, бас мердігер және жобалау ұйымының өкілдері толық және нақты жауаптар берді.

Тізімге оралу