Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Қоғамдық тыңдаулар

28.10
Қоғамдық тыңдаулар

2024 жылғы 28 және 29 қазанда Бәйтерек ауданының 4 ауылдық округтерінде - Январцев, Құрманғазы, Чиров, Сұлукөл "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-нің 2024-2025 жылдарға арналған экологиялық әсер етуге рұқсат алу құжаттар топтамасына қатысты ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтті. Жоспарланған қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдеріне Бірыңғай экологиялық порталда, мерзімді баспасөз беттерінде (газеттерде), телеарнада және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының хабарландыру тақталарында хабарландырулар тарату арқылы жеткізілді.

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 87, 122-баптары негізінде қоғамдық тыңдауларға экологиялық әсер етуге рұқсат алу мақсатында мынадай құжаттар топтамасы ұсынылды: 2024-2025 жылдарға арналған жол берілетін шығарындылар нормативтерінің (ЖШН) жобасы, 2024-2025 жылдарға арналған қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы, 2024-2025 жылдарға арналған өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы, 2024-2025 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы, "Рожковское кен орнын жайластыру" жобасы ҚОҚ бөлімімен (түзету), "Рожковское" кен орнын жайластыру объектілерін салу кезінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасы ҚОҚ бөлімімен (түзету).

Қоғамдық тыңдауларды "Нефтестройсервис" ЖШС бас мердігері, "ENBEK Group KAZAKHSTAN" ЖШС қосалқы мердігерлік жобалау ұйымы және ауылдық округ әкімдіктері ұйымдастырған болатын. Тыңдауларға әкімдіктердің өкілдері, мүдделі бақылаушы органдар, елді мекендердің тұрғындары қатысты.

Қоғамдық тыңдауларды өткізу нәтижелері қоғамдық тыңдаулар хаттамаларында көрсетілген, бұл хаттамалар https://ecoportal.kz/. вебсайтында жарияланған.

Тізімге оралу