Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

ҚР энергетика вице-министрі Қ. Арымбек «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-да болды

30.07
ҚР энергетика вице-министрі Қ. Арымбек «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-да болды

2025 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Қ.Б. Арымбек Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласындағы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС кеңсесінде болды.

Сапар барысында компания басшылығымен бейресми кездесу өтті, оның барысында кәсіпорын қызметінің ағымдағы бағыттары, «Рожков» газ конденсатты кен орнын игеру жобасын іске асыру барысы, сондай-ақ салалық құрылымдармен одан әрі өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

Тараптар орнықты даму, өндірістік қауіпсіздік және ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері бойынша пікір алмасты. УОГ басшылығы жобаға назар аударғаны және бейінді министрлікпен ашық диалогқа дайындығы үшін алғыс білдірді.

Тізімге оралу