Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы бойынша "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-нің "Таза өлке" облыстық экологиялық акциясына қатысуы

29.06
"Таза Қазақстан" республикалық акциясы бойынша "Урал Ойл энд Газ" ЖШС-нің "Таза өлке" облыстық экологиялық акциясына қатысуы

2024 жылғы 29 маусымда БҚО-да Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және өңірлердің және жалпы елдің экологиялық міндеттерін шешуге бағытталған "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында "Таза өлке" облыстық экологиялық акциясы өтті.

Аталған акцияға БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шақыруымен "Урал Ойл энд Газ" ЖШС Орал маңындағы орман аймағын тұрмыстық және басқа да қоқыстардан тазарту үшін белсенді қатысуға ат салысты.

Сенбілікті өткізу орны Атамекен лагерінен кейін, мүгедектер үйінің жанында "Самал-2" шағын ауданы Орман аймағы болып белгіленді.

Акцияға БҚО бойынша экология Департаментімен, БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен, қоғам белсенділері мен еріктілермен бірлесіп 25-ке жуық қызметкер қатысты.

Осы экологиялық акцияның мақсаты-қоршаған ортаның жай-күйін, облысымыздың экологиясын жақсарту, жауапкершілік сезімін және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауды тәрбиелеу.

Біздің компания үшін сенбілік-бұл біздің ортақ пайдалануымызда тазалық пен тәртіпті сақтап қана қоймай, командалық рухты нығайтуға, ашық ауада уақыт өткізуге және бір-бірімізді жақсырақ білуге тамаша мүмкіндік.

Тізімге оралу