Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС-де Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

04.06
«Урал Ойл энд Газ» ЖШС-де Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС ағымдағы жылдың 4 маусымында Серіктестік өз қызметкерлері мен шақырылған қоғам қайраткері Ә.Ж. Еркінғалиеваның қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізіді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Одан әрі жиын барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік Әнұранының құрылу тарихы, қалыптасу жолы және олардың маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды.

Серіктестіктің Бас директоры – Басқарма төрағасы Б.М. Досмұхамбетов ұжымды айтулы мерекемен құттықтап, ұлттық құндылықтарды сақтаудың, азаматтық бірлік пен патриотизмді нығайтудың маңыздылығына тоқталған болатын. Салтанатты жиын аясында Серіктестіктің дамуына үлес қосып, адал еңбегімен және жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараға арнайы шақырылған қоғам қайраткері, мәдениет саласының ардагері Ә.Ж. Еркінғалиева, мәдениет жүйесінде 43 жылдан астам уақыт бойы абыройлы қызмет етіп, әр түрлі жылдары Чапаев саяхат және экскурсиялар бюросының директоры, Кеңес Одағының Батыры М. Мәметова атындағы және Е. Пугачёв атындағы мұражайлар меңгерушісі лауазымдарын атқарған, сондай-ақ «Еңбек ардагері» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медальдарымен марапатталған ардагер сөз сөйледі. Мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті, халық бірлігін және отансүйгіштік сезімді нығайтудағы маңызды рөлі туралы терең де мазмұнды баяндама жасады. Кездесу кезінде елдің тарихи‑мәдени мұрасын сақтау, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау және Қазақстан тәуелсіздігін нығайтуда әрбір азаматтың рөлі мен жауапкершілігі туралы мәселелер талқыланды.

Жүргізілген шара компания қызметкерлері  арасында азаматтық жауапкершілікті күшейтуге, патриоттық тәрбие деңгейін көтеруге, сондай‑ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыруға септігін тигізді.

Тізімге оралу