2025 жылғы 14 маусымда Орал қаласындағы «TД «Нафта» ЖШС-нің «Бадминтон орталығы» спорт залында 25-жылдық мерейтойлық «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасының аясында мини-футболдан жарыстар өтті.
Аталған сайысқа өңірдің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының командалары қатысты. Бұл турнир «Конденсат», «Альянс», «Нафта», «Энергетик-Ақсай», «ИНТЕК-УНГГ» және «Урал Ойл энд Газ» сынды ұйымдардан қатысқан спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанушыларды бір алаңға тоғыстырды.
Қызықты әрі тартысқа толы жарыс нәтижесінде «Урал Ойл энд Газ» ЖШС командасы аса жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерін көрсете отырып, бірінші орынды иеленді.
Жарыс соңында 25-ші «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасының туын түсіру рәсімі өткізіліп, жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшылар марапатталды. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС командасы өздерінің тамаша жетістігі мен спорт маусымын сәтті аяқтағаны үшін лайықты құттықтаулар мен жылы лебіздерге ие болды.
Корпоративтік спортты дамыту мен қызметкерлерді белсенді өмір салтына тарту — компанияның ішкі мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл жеңіс – тек спорт алаңындағы емес, кәсіби қызметтегі де командалық рухтың, жауапкершіліктің және жетістікке ұмтылудың айқын көрінісі болды.