2024 жылғы 24 тамыз күні «Урал Ойл энд Газ» ЖШС «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясының тобы бойынша жалпы сенбілікті өткізуге қатысты. Осы сенбілікке біздің компаниямызбен бірге «Нефтестройсервис» ЖШС компаниясы да белсенді қатысты.
Өткізілген сенбілік барысында кен орнының аумағында орналасқан «Нефтестройсервис» ЖШС базасының айналасын және «Жайықмұнай» ЖШС БӨП-нен Январцево ауылына дейінгі жол учаскесін тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға 120-ға жуық қызметкер қатысты. Жиналған қоқыстың жалпы мөлшері 40 м3 құрады.
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ағымдағы жылдың көктемінен бастап бүкіл республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Біздің компания осындай қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, тұрғындар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған акцияларға үнемі белсенді қатысып келеді.