Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру мен аумақтарды тазалау жұмыстарын жалғастыруда

23.04
«Урал Ойл энд Газ» ЖШС «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру мен аумақтарды тазалау жұмыстарын жалғастыруда

«Таза Қазақстан» акциясының жалғасы ретінде сәуір айында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС көгалдандыру мен аумақтарды тазалау бойынша қосымша іс-шаралар ұйымдастырды.

14, 21 және 23 сәуір күндері Байтерек ауданына қарасты Сұлукөл, Переметное және Чирово ауылдарында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 750 түп көшет егілді. Компания қызметкерлерінің, жергілікті әкімдіктер өкілдерінің және белсенді тұрғындардың бірлескен еңбегінің арқасында бұл елді мекендерде жаңа жасыл аймақтар пайда болып, өңірдің экологиялық ахуалының жақсаруына оң ықпал етті.

Сонымен қатар, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС мердігер ұйым – «Нефтестройсервис» ЖШС-мен бірлесіп сенбіліктер өткізді. 19 сәуір күні Рожковское кен орнында компания қызметкерлері мен мердігерлер аумақты қоқыстан тазартып, жалпы саны 50 адам қатысқан іс-шара өтті. 21 сәуірде шамамен 40 адамның қатысуымен Ембулатовка өзенінің жағалау аймағын тазалап, біраз қоқыс жинады.

Компания тұрақты даму қағидаттарын ұстана отырып, табиғатты қорғау жолындағы жауапкершілігін терең сезінеді. Атқарылған шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өңір халқының белсенді қатысуына негізделген сындарлы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты.

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС қоршаған ортаны қорғау мәселесіне бейжай қарамай, белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреді.

Тізімге оралу