Балаларды қорғаудың халықаралық күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметі қызметкерлердің балалары арасында «Табиғат көріністері» тақырыбында фотобайқау ұйымдастырды.
Байқау 2025 жылғы 14 мамыр мен 2 маусым аралығында 5–8 жас және 9–12 жас аралығындағы екі жас санаты бойынша өткізілді.
Байқау нәтижелері 2025 жылғы 5 маусымда жарияланды.
Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, әр жас санаты бойынша жеңімпаздар марапатталды.