Көмірсутек шикізатын барлау

Батыс Қазақстан облысындағы
геологиялық барлау жұмыстары
Қаз Рус Eng

Жанна Уразалиева «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

24.07
Жанна Уразалиева «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

2025 жылғы 24 шілдеден бастап Жанна Уразалиева «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары міндетін атқаруға кірісті.

Жанна Уразалиева "ҚазМұнайГаз" ҰК "АҚ, еншілес ұйымдар мен БК және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымдарындағы негізгі позицияларды қоса алғанда, мұнай-газ саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие. Өзінің мансабы барысында ол экономика мен қаржы, инвестициялық талдау, корпоративтік қаржы және салық салу бағыттарына жетекшілік етті.

Ол Халықаралық кәсіпкерлік академиясын (Мәскеу қ.) «Қаржы менеджменті» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ бірқатар халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламаларынан, оның ішінде Baker Hughes, Shell, General Electric және басқа да компанияларда өткен.

Жанна Уразалиеваның тағайындалуы компанияның қаржы-экономикалық блогын күшейтеді және «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің «Рожков» кен орнын игеру және жаңа инвестициялық бастамаларды іске асыру бағдарламасы шеңберінде тұрақты өсуін қолдауға бағытталған.

Тізімге оралу